A place where you need to follow for what happening in world cup

Жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жиын өтті

223

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің жеке құрам арасында жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жиын өтті. Мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.М Нұржанов жеке кұрамға тусiндiрме жұмысын жүргiзді. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық әдептiлiк нормаларын ұстануы, мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтiретiн іс-қимылдарға қарсы тұруы, заңмен белгiленген шектеулерді сақтау жөнiнде мәселелердi түсiндiрдi. Кез-келген өркениетті қоғам ушiн сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттi iшiнен жоюдың бастамасы мен жетiстiктердi жоққа шығаратын, ұлттық, қауiпсiздiкке қayiп-қатер әкелетiндiгi күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жүргiзу дегенiмiз — бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп есептеледі.Сыбайлас жемқорлықпен күресу елімізде бүгінде күрделі мәселердің бірі болып отыр. Ол саяси даму тұрғысынан бір -біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын,- деп жеткізді әділет подполковнигі Е.М. Нұржанов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі орынбасары әділет капитаны С.М. Мусакулов

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.