A place where you need to follow for what happening in world cup

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАП АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ

174
Қазан айының алғашқы аптасында елімізде ұстаздар күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында білім ошағында еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы ақ дастархан жайылды. Университет ректоры Мұхтар Байжұманов қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады. Ардагер ұстаздардың білімді ұрпақ тәрбиелеуде сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін айтып, алғыс білдірді. Өнерлі жастар тамылжытып ән шырқап, би биледі. Құрметті қонақтарға сыйлық та табысталды.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халқымыз. Ардагер ұстаздар университетіміздің қазынасы. Олардың ерен еңбегі, жүріп өткен жолы жас буын үшін үлгі өнеге. Университет ұжымы ардагер ұстаздарды мереке қарсаңында ғана емес, әрдайым құрмет тұтады. «Қартың болса жазып қойған хатпен тең» демекші ардагер ұстаздардың тәжірибесі, біліктілігі жас маманға теңдесіз үлгі болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.