Халықпен бірге – нәтижелі іске — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықпен бірге – нәтижелі іске

15

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
СҰЛТАНБЕК БАҒЛАН ДАНАБЕКҰЛЫ

Өмірбаяным

Мен, Сұлтанбек Бағлан Данабекұлы, 1991 жылы 21 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Есейхан ауылында дүниеге келдім.
1997 жылы Қаратау орта мектебіне оқуға түстім.
2007 Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжіне «Газбен жабдықтау және монтаждау» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы аталған оқу орнын тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2012 жылы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында бастадым.
2013–2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы қызметін атқардым. Бұл кезеңде жастармен жұмыс жүргізу, қоғамдық бастамаларды қолдау және ұйымдастырушылық бағытта тәжірибе жинақтадым.
2016 жылы «Қазфосфат» ЖШС-нің «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешеніне инженер-құрылысшы болып жұмысқа орналастым.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің құрылыс-жөндеу цехында шебер қызметін атқарып келемін.
«Әділет» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әкемін.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Елдің өркендеуі – әрбір ауылдың дамуы мен әрбір отбасының әл-ауқатынан басталады. Мен еңбек жолымды жастармен жұмыс істеуден бастап, бүгінде өндіріс саласында қызмет етіп келемін. Қоғамдық жұмыс пен өндірістегі тәжірибем маған ел ішіндегі мәселелерді түсінуге, еңбек адамының қадірін білуге және жауапкершіліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
Талас ауданының дамуына үлес қосу, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тиісті орындарға жеткізу және олардың оң шешілуіне ықпал ету мақсатында төмендегі басым бағыттарды ұсынамын.

1. Ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту

— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту мәселесін көтеру;
— Ауызсу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне, сапалы ауызсумен қамту мәселелеріне назар аудару;
— Көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге ықпал ету;
— Интернет пен байланыс сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды тиісті мекемелерге жеткізу;
— Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту мәселесін назарда ұстау.

2. Жастарды қолдау – болашаққа жасалған қадам

— Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуына және кәсіптік білім алуына қолдау көрсету;
— Жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету;
— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорттық және мәдени іс-шаралардың көбеюіне атсалысу;
— Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, тың бастамаларының жүзеге асуына қолдау білдіру;
— Жас отбасылардың баспана, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін назардан тыс қалдырмау.

3. Еңбек адамы және жұмыспен қамту

— Ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін көтеру;
— Өндіріс орындары мен жұмыс берушілер арасында жергілікті кадрларды даярлау және жұмысқа орналастыру бағытындағы байланысты нығайтуға ықпал ету;
— Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін назарда ұстау;
— Техникалық және кәсіптік білім алған жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жағдай жасау жөнінде ұсыныстар енгізу;
— Кәсіпкерлікті дамыту және шағын бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелеріне қолдау көрсету.

4. Әлеуметтік қолдау және отбасылық құндылықтар

— Көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтардың мәселелерін назарда ұстау;
— Ардагерлер мен зейнеткерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, қоғамдық орындардың қолжетімділігін жақсарту мәселесін көтеру;
— Білім беру және денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету;
— Отбасы институтын нығайтуға, бала тәрбиесі мен ана мен баланы қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

5. Спорт, мәдениет және салауатты өмір салты

— Ауылдардағы спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарын салу және жөндеу мәселесін көтеру;
— Бұқаралық спортты дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысу;
— Мәдениет үйлері мен кітапханалардың жұмысын жандандыруға бағытталған ұсыныстарды қолдау;
— Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптейтін мәдени іс-шаралардың өткізілуіне ықпал ету;
— Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және туған жердің тарихын насихаттауға қолдау көрсету.

6. Халықпен тұрақты байланыс және ашықтық

— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау;
— Азаматтардың өзекті мәселелерін аудандық мәслихаттың қарауына енгізу;
— Қоғамдық маңызы бар мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстау;
— Әрбір ұсыныстың заң аясында қаралуына және тиісті мекемелерге жеткізілуіне ықпал ету;
— Депутаттық қызметтің нәтижелері туралы тұрғындарға жүйелі түрде есеп беріп отыру.

Құрметті жерлестер!

Туған жердің дамуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Депутат болу – халықтың сеніміне ие болу ғана емес, сол сенімді ақтау жолында аянбай еңбек ету. Әрбір тұрғынның мұң-мұқтажын тыңдап, елдің көкейіндегі мәселелерді шешуге атсалысу – менің басты ұстанымым.
Мен үшін ең маңыздысы – құр сөз емес, нақты іс пен нәтижелі жұмыс. Халықпен бірге болып, ел игілігі жолында еңбек етуге дайынмын!

Тапсырыс беруші: №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі
бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сұлтанбек Б.Д.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.