Сенімге – адалдық, іске – жауапкершілік! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Сенімге – адалдық, іске – жауапкершілік!

16

№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
ТАУАСАРОВ АУДАНБЕК ЖУЗБОСЫНОВИЧ

Өмірбаяным

Мен, Тауасаров Ауданбек Жузбосынович, 1970 жылғы 9 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында дүниеге келдім.
1977 жылы Талас ауданының Көктал ауылындағы М.Ю. Лермонтов (қазіргі М. Жұмабаев) атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1987 жылы осы мектепті бітірдім.
1987–1992 жылдары Мәскеу қаласындағы Мәскеу тау-кен институтында білім алып, инженер-экономист мамандығын меңгердім. Сонымен қатар институт жанындағы әскери кафедрада оқып, запастағы лейтенант әскери атағын алдым.
1992–1996 жылдары Қаратау қаласындағы «Қалалық жылу» мекемесінде экономист болып жұмыс істедім.
1996–1999 жылдары Талас аудандық еңбекпен қамту орталығында еңбек еттім.
1999–2000 жылдары Талас аудандық әкімдігі аппаратының экономика бөлімінде жетекші маман қызметін атқардым.
2000–2002 жылдары Шымкент қаласындағы «Меч-Экон» қазақ-малайзиялық бірлескен кәсіпорнында менеджер болдым.
2002–2006 жылдары «Нүргелді» базарында жабдықтаушы болып жұмыс істедім.
2006–2008 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қаратау қаласындағы өкілі, кейін Тараз қаласында бас маман қызметін атқардым.
2010–2013 жылдары Талас ауданы Көктал ауылдық округінің әкімі болып қызмет еттім.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Мен үшін туған жердің өркендеуі, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруы және халықтың талап-тілегінің орындалуы – басты міндет. Еңбек жолымда экономист, жетекші маман, кәсіпкерлік саласының өкілі және ауылдық округ әкімі ретінде түрлі қызметтер атқардым. Жинақтаған тәжірибем мен білімімді туған өлкемнің дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауды мақсат етемін.
Егер облыстық мәслихат депутаты болып сайлансам, төмендегі басым бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге күш саламын.

1. Индустриялық аймақтар мен өндірістік әлеуетті нығайту

— Өндірістік аймақтарға отандық және шетелдік инвесторларды тартуға ықпал ету;
— Жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын арттыру жөніндегі жобаларды қолдау;
— Жергілікті шикізатты өңдейтін шағын және орта өндіріс орындарын дамытуға жағдай жасау;
— Өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беру;
— Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру арқылы аудан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту.

2. Инвестиция мен туризмді дамыту

— Талас ауданының инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету;
— Инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ықпал ету;
— Туризмді дамыту арқылы жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын бизнестің өркендеуіне жағдай жасау;
— Талас өңірінің туристік тартымдылығын арттырып, ауданның инвестициялық және экономикалық әлеуетін кеңінен таныту.

3. Жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыру

— Жастар мен жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне басымдық беру;
— Кәсіптік білім алу, қайта даярлау және жаңа мамандықтарды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету;
— Жастар кәсіпкерлігін қолдау және олардың жеке ісін бастауына жағдай жасау;
— Еңбек адамдарының құқығы мен заңды мүддесін қорғауға атсалысу.

4. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту

— Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім сапасын арттыру мәселесін көтеру;
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қолжетімділігін жақсартуға ықпал ету;
— Спорт нысандарын дамыту, бұқаралық спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға атсалысу.

5. Экология және қоршаған ортаны қорғау

— Елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мәселесін бақылауда ұстау;
— Ауылдар мен қала аумағын көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарын қолдау;
— Су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы жерлердің жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
— Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету.

6. Тарихи мұра мен ұлттық құндылықтарды сақтау

— Мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, кітапханалар мен мәдениет үйлерінің материалдық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
— Ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптейтін іс-шараларды қолдау;
— Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған жерге деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бастамаларға атсалысу.

7. Халықпен ашық байланыс және қоғамдық бақылау

— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу;
— Әрбір көтерілген мәселенің шешілу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе қарастыру;
— Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына депутаттық бақылау жасау;
— Депутаттық қызметтің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету.

Қадірлі жерлестер!

Туған жердің тағдыры – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауылдың ажары мен елдің берекесі халықтың бірлігіне, атқарылған істің нәтижесіне байланысты.
Менің мақсатым – құрғақ уәде беру емес, елдің көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне өз үлесімді қосу. Халықпен бірге болып, әрбір ұсыныс пен өтінішке жауапкершілікпен қарауға дайынмын.
Менің мақсатым – құрғақ уәде беру емес, елдің көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне өз үлесімді қосу. Халықпен бірге болып, әрбір ұсыныс пен өтінішке жауапкершілікпен қарауға дайынмын.

Тапсырыс беруші: №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Тауасаров А.Ж.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.