Ауылдардың дамуы, жаңа жұмыс орындары және сапалы инфрақұрылым
«Әділет» кандидаттары Байзақ пен Жуалы жұртымен кездесті
Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Байзақ және Жуалы аудандарында мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізгі міндеттерін таныстырды.
Байзақ ауданында Оралхан Даутов пен Нұрлан Сұлтанов Жамбыл облыстық оңалту орталығының, Сарыкемер мектеп-гимназиясының және «Тараз-Май» ЖШС еңбек ұжымдарымен жүздесті. Ал Жуалы ауданында Нұркен Тоқбергенов пен Нұрлан Сапарбеков ауыл тұрғындарымен, Қүреңбел орта мектебінің және «Жуалы су» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесулерде ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға бағытталған нақты жоспарларға басымдық берілді. Атап айтқанда, 2031 жылға дейін облыста 30 елді мекенді газбен қамту, 79,7 мың тұрғынға көгілдір отын жеткізу көзделген. Су құбыры желілерінің 1,2 мың шақырымын жаңғырту арқылы олардың тозу деңгейін 27,3 пайыздан 10,8 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 74 спорт нысанын, оның ішінде 57 спорт алаңын салу қарастырылған.

Ауыл экономикасын жандандыру да бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5,2 мың жеңілдетілген микрокредит беруге жәрдемдесу, агроөнеркәсіптік кешенде кемінде 30 жобаны іске асыру және 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұдан бөлек, 2031 жылға дейін өңірде 116 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.
Цифрлық мүмкіндіктерді ауылдарға жеткізу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға қарай ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу және аудандық деңгейде 10 IT-хаб ашу жоспарланып отыр. Ал медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарының кемінде 80 пайызын жылжымалы медициналық кешендер арқылы сапалы қызметпен қамту көзделген.
Кездесулер барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Партия кандидаттары қойылған сауалдарға жауап беріп, ауылдардың тұрақты дамуы, тұрғындардың табысын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы бағдарламалық міндеттерді түсіндірді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.