Қуатты экономика – сапалы білім – жайлы қала! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Қуатты экономика – сапалы білім – жайлы қала!

15

№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
ШАЛДАРБЕКОВ КАЙРАТ БАЗАРБАЕВИЧ

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Шалдарбеков Кайрат Базарбаевич, 1978 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келдім.
2000 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірдім.
2021 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін алдым.
2000 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысып келемін. Қазіргі уақытта «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарамын.
Жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу, басқарушы кадрларды даярлау және кәсіпкерлік құрылымдармен өзара ынтымақтастық орнату салаларында көпжылдық тәжірибем бар. Жобалық менеджмент және өңірлік даму бағыттары бойынша халықаралық ғылыми тағылымдамалардан өттім.
Менің басты мақсатым – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы дамыту, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау және № 2 сайлау округі тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда төмендегі міндеттердің жүзеге асырылуына күш саламын.

Сайлауалды бағдарлама

1. Жол инфрақұрылымын дамыту

— Құмшағал, Шалғай Қарасу, Шөлдала, Қызыл-Абад, Арай, Көктем, Аса, Бектөбе, Коммунальник, Ветеран, Дорожник, Бақшашы тұрғын алқаптарының және округке қарасты басқа да аумақтардың көшелерін жөндеу және абаттандыру жоспарларына енгізуге ықпал ету.
— Жаяу жүргіншілер жолдарын салуға, жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал ету.
— Жол жөндеу жұмыстарының сапасына және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту.

2. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

— Округтің тұрғын алқаптарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге және су қысымын жақсартуға қол жеткізу.
— Тозығы жеткен су құбыры және электр желілерін жаңғыртуға ықпал ету.
— Әсіресе қаланың шеткі аймақтарында көшелерді жарықтандыру жүйесін кеңейтуді қолдау.

3. Сапалы білім беру және жастарды қолдау

— Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету.
— Білім беру ұйымдарын заманауи STEM кабинеттерімен, компьютерлік және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етуді қолдау.
— Мектептерге апаратын жолдардың қауіпсіздігін арттыруға, жарықтандыру жүйелерін орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтауға қол жеткізу.
— Кәсіптік білім беруді дамытуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға және түлектерді жұмыспен қамтуға ықпал ету.
— Жастар бастамаларын, ғылыми жобаларды және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламаларын қолдау.

4. Қоғамдық көлік қатынасын дамыту

— Округтің тұрғын алқаптары мен Тараз қаласының орталық бөлігі арасындағы көлік қатынасын жақсартуға қол жеткізу.
— Тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, қоғамдық көлік бағыттары мен қозғалыс кестелерін қайта қарауға ықпал ету.
— Аялдама кешендерін жабдықтауды және қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
— Жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал ету.

5. Ашықтық, жауапкершілік және қоғамдық бақылау

— № 2 сайлау округінің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.
— Азаматтардың өтініштерінің ашық қаралуын қамтамасыз ету.
— Бюджет қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуына қол жеткізу.
— Халықтың мәселелерін шешу үшін басқарудың заманауи әдістері мен цифрлық құралдарды енгізуге ықпал ету.
— Депутаттық бағдарламаның орындалу барысы және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы тұрғындарды хабардар ету.

6. Экология және қолайлы қалалық орта қалыптастыру

— Тұрғын алқаптардағы санитарлық тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және қоқыс алаңдарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
— Ағаш отырғызу, жасыл желектерді көбейту және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді қолдау.
— Балалар ойын алаңдарын, демалыс орындары мен қоғамдық кеңістіктерді салу және жаңарту бастамаларына ықпал ету.
— Арықтар мен су арналарының тазалығын қамтамасыз ету, нөсер және еріген қар суларының жиналуына жол бермеу, су басу қаупінің алдын алу шараларын күшейту.
— Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру, тұрғындардың отбасымен демалуына жағдай жасау.

Менің басты міндетім

Халықтың әл-ауқатын арттыруға, сапалы білім беруді дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған нақты өзгерістерге қол жеткізу.

Тапсырыс беруші: № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шалдарбеков К.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.