№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депуттағына кандидат
Байзатов Абылай Шынгысович
Өмірбаяным
Мен, Байзатов Абылай Шынгысович, 1989 жылы 19 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
1995-2004 жылдары Талас ауданы, Қаратау қаласындағы К. Маркс атындағы орта мектепте білім алдым. 2004-2006 жылдары Қаратау қаласындағы лицей мектебінде оқуымды жалғастыр- дым.
2006-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
Еңбек жолымды 2010 жылы Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бас бақылаушы-ревизор қызметінен бастадым. Бұл қызметте 2011 жылға дейін жұмыс істедім.
2012-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанындағы «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-да инвесторларға қызмет көрсету орталығының менеджері және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жөніндегі менеджер қызметтерін атқардым.
2014-2026 жылдар аралығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жүйесінде еңбек еттім. Атап айтқанда, Талас және Байзақ аудандарының кәсіпкерлер палатасының филиал директоры қызметтерін атқарып, облыстық Кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіптік кешен бағытына жетекшілік еттім. Осы жылдары кәсіпкерлікті дамыту, отандық бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің мәселелерін шешу және инвестициялық жобаларды ілгерілету бағыттарында тәжірибе жинақтадым.
Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысып, «БурСтройГрупп» ЖШС-ның директоры қызметін атқарып келемін. Жамбыл облысы әкімдігі Жер қатынастары басқармасы жанындағы жер комиссиясының мүшесімін.
Отбасылымын. Жұбайым екеуміз алты бала тәрбиелеп отырмыз. Үш ұл, үш қызым бар.
Сайлауалды бағдарлама
Қадірлі сайлаушылар!
Менің еңбек жолым қаржы саласы, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес жобаларды дамыту бағыттарымен тығыз байланысты. Кәсіпкерлер палатасында қызмет еткен жылдары аудан кәсіпкерлерінің тыныс-тіршілігімен танысып, олардың мәселелерін шешу жолында жұмыс істедім. Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде бизнестің күнделікті қиындықтарын өз тәжірибемнен білемін.
Осы тәжірибені ауданның дамуына бағыттап, тұрғындар мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғау- ды мақсат етемін. Бағдарламамның негізгі бағыттары төмендегідей:
Аудан экономикасына инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу
• Талас ауданының табиғи, өндірістік және кәсіпкерлік мүмкіндіктерін ескере отырып, инвестициялық жобаларды тартуға ықпал ету;
• Жергілікті шикізат пен ресурстарды аудан аумағында өңдейтін шағын өндіріс орындарын ашу бастамаларын қолдау;
• Инвесторлар үшін жер бөлу, инфрақұрылымға қосылу және рұқсат құжаттарын рәсімдеу мәселелерін шешуге атсалысу;
Кәсіпкерге кедергі емес, мүмкіндік қалыптастыру
• Шағын және орта бизнестің дамуына тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілерді азайту мәселесін көтеру;
• Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие және гранттық бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал ету;
• Жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға бизнес-жоспар әзірлеу, қаржыландыру көздерін табу және құжат рәсімдеу бойынша консультациялық қолдаудың қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
• Жергілікті кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін назарда ұстау;
Жер қатынастары саласындағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету
• Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу мен пайдалануда заңдылық және ашықтық қағидаттарының сақталуын бақылау;
• Жер телімдерін алу, жалға беру және нысаналы мақсатын өзгерту кезінде тұрғындар мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға ықпал ету;
• Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды заң талаптарына сәйкес тиімді айналымға енгізу мәселесін көтеру;
• Жерге қатысты даулар мен өтініштерді қарау кезінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің ескерілуіне атсалысу;
• Жер ресурстарын ауданның экономикалық дамуына тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныс- тар енгізу.
Ауылдық елді мекендердің экономикалық дербестігін арттыру
• Әр ауылдың өзіндік ерекшелігі мен мүмкіндігіне қарай кәсіпкерлік бағыттарын дамытуға қолдау көрсету;
• Ауыл тұрғындарының мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда және қолөнер салаларында жеке кәсібін бастауына жағдай жасау;
• Ауылдарда шағын өндіріс, наубайхана, шеберхана, тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашу бастамаларын қолдау;
• Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау, сақтау және өткізу жүйесін жетілдіруге бағытталған жобаларды ілгерілету;
Әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғындар тұрмысын жақсарту
• Елді мекендердегі ауызсу, электр энергиясы, газ және интернетпен қамту мәселелерінің шешілуін назарда ұстау;
• Аудан орталығы мен ауылдар арасындағы жол қатынасының сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
• Әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мектептер мен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету;
• Ауылдардағы балалар мен жастарға арналған спорттық және мәдени нысандардың қолжетімділігін арттыру;
• Тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шешуге бағытталған аудандық бюджеттік жобалардың тиімділігіне депутаттық бақылау жүргізу.
Қадірменді жерлестер!
Ауданның дамуы жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, әр азаматтың бастамасына қолдау көрсетуден басталады. Кәсіпкерлікке жол ашу, инвестиция тарту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу – өзара сабақтас міндеттер.
Депутаттық қызметті тұрғындармен тұрақты байланыс орнатудың, олардың мүддесін қорғаудың және ауданның дамуына қатысты маңызды шешімдерге ықпал етудің мүмкіндігі ретінде қарастырамын.
Ашықтық – жұмыстың негізі, кәсіпкерлік – экономиканың тірегі, халықтың әл-ауқаты – бас- ты назарда!
Тапсырыс беруші: №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депуттағына кандидат Байзатов А.Ш.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.