A place where you need to follow for what happening in world cup

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2 114

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың ақпан айының 19-21 күндері аралығында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл іс-шара ақпараттық технологияларды қолданумен жасалған құқық бұзушылықтармен, сондай-ақ кибер алаяқтықпен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ «Ақпараттық технологиялардың арнайы техникалық құралдарын қолданатын қылмыстар», «Кәмелетке толмағандарды қолдана жасалған қылмыстар», сонымен қатар «Интернеттегі порнографиялық және экстремистік мағынадағы сатылымдар» тиым салынған.

Көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері «Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды», қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатыны жөнінде ескертеді.

Тараз станциясы желілік полиция бөлімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.