A place where you need to follow for what happening in world cup

Аналық алғысын білдірді

212

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі.
Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жылдарында Тұңғыш Президент
Н. Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталды.
Соның нәтижесінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн — әрбір қазақстанда тұратын азаматтар үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
1-мамыр — ел ішiндегі түрлi ұлт пен ұлыс өкiлдерiнiң бiр-бiріне деген сый-құрметiн арттырып, татулықты, бiрлiкті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын күн. Жыл сайын азаматтар Oтанымыздың әр аймағында береке мен бiрлiкте, бейбiтшілік пен ынтымақтастықта өмір сүрiп жатқандығын атап өтеді.
Алайда, биылғы мереке елде енгізілген төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Өкінішке қарай, алдын-ала жоспарланған бірқатар іс-шараны өткізу тоқтатылды.
Десек те, бұл мереке атаусыз қалмай, барлық аймақта шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алды.
Күні кеше Сарысу ауданында барлық басшылар, аудан және қала әкімдері мен орынбасарлары аудан көлеміндегі түрлі этнос өкілдерін құттықтап, қариялар мен аз қамтылған бірқатар отбасыларға, сақтық пен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сый-сияпат жасап, бірқатар ізгі амалдар көрініс тапты.
Осы күні аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Жаңатас қаласының тұрғыны, ұзақ жылдар денсаулық саласында еңбек еткен, Ребрикова Валентина Иванқызының үйіне барып, айтулы мерекемен құттықтады.
Ауданымызда осындай тілі өзге болса да тілегі бір өзге ұлт өкілдері жетерлік. Олардың қатарында В. Ребриковада бар.
Оның өнегегелі өмірі көпке үлгі боларлық. Тоқтала кетсек Валентина Жаңатас қаласындағы еңбек жолын 1969 жылы терапевт дәрігері болудан бастайды. 1973-1984 жылдарар алығында терапия бөлімін басқарған.
1984-1993 жылдар аралығында қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары болып, сол жерден зейнетке шыққан.
Бірнеше рет аудан, облыс әкімдерінің «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Облыстық ден саулық сақтау басқарма басшылырының грамотасымен марапатталған.
1981 жылы ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен «Знак почета» төсбелгісімен, 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен наградталған. Жаңатас қаласының Құрметті азаматы.
1938 жылдың 21 қаңтарында дүниеге келген, бүгінде 82-нің сеңгіріне шыққан Валентина Иванқызы қызмет еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, аудан басшысының ықылас-құрметіне разылығын білдірді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.