A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматыда көпқабатты көлік тұрақтары салынады

75

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпқабатты тұрақтарды салу аулаларды босатуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аудандағы тұрақ мәселесін жергілікті тұрғын көтерген. Әйелдің сөзінше, көшелер көлікке лық толып, жүру мүмкін болмайды. Салдарынан өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері де діттеген орынға жете алмай қалады екен. Ол әкімге көпқабатты тұрақ салуды ұсынды.

Қала басшысы жыл соңына дейін қаладағы көпқабатты тұрақтардың құрылысы бойынша бағдарламаны таныстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Бұл кей аулаларды босатуға мүмкіндік береді. 2023 жылы жеке инвесторлармен жұмыс бастаймыз», – деді Ерболат Досаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.