A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматы облысындағы жол апатынан 5 адам қаза тапты

55

Алматы облысында жол көлік апатынан 5 адам қаза тауып, 3 бала ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. 

Облыс полиция басқармасының мәліметінше, жантүршігерлік апат 6 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған. Көлікті тізгіндеп келе жатқан 22 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен.

«Оқиға салдарынан бес адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеу басталды», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.