A place where you need to follow for what happening in world cup

Айтқазы Қарабалаев шетелдік инвестормен кездесті

123

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев « Достық» үйінде Әзірбайжан Республикасынан келген инвестор Емил Кошкарлы мырзаны қабылдады.
Кездесу барысында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың инвестициялық әлеуетін баяндады. Өз сөзінде шаһар басшысы Тараз қаласы негізінен химия саласы мен өнеркәсібі кеңінен дамыған аймақ екенін айтып, инвесторлардың жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер мол екенін жеткізді.

Одан кейін инвестордың назарына қаржы салынатын бірқатар салалар ұсынылды.
– Өзара ынтымақтастыққа қол жеткізуге қажетті салалар жетерлікті екен. Бізді қызықтырған құрылыс саласы. Осы сала бойынша ұсыныстарыңызды жан-жақты қарастырып, өз шешімімізді жеткіземіз, – деді өз кезегінде Е.Кошкарлы.

– Жалпы алғанда, екі тарап үшін пайдалы жақсы мазмұнды әңгіме болды деп есептеймін, — деп қорытындылады А. Қарабалаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.