A place where you need to follow for what happening in world cup

Аймақ басшысы Тараз қаласының активімен кездесті

180

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының активімен кездесті. Жиында облыс орталығының одан әрі даму барысы сараланды.

Ағымдағы жылғы жоспар ауқымды. 2 жаңа мектеп, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, 54 көппәтерлі үй, 88 км жолдар мен тротуарлар жөнделіп, 165 аула ретке келтіріледі. Онкологиялық аурухананың, Құмшағал және Шалғай Қарасу алқаптарына тартылатын газ және су құбырларының құрылысы жалғасады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер де жоқ емес. Тараздықтардан ағымдағы жылы 16 мыңнан астам өтініш түскен. Тұрғындарды негізінен қоғамдық көліктің нашар жұмысы, автобус аялдамаларының жағдайы, жол жамылғылары, қоқыстың көптігі, ашық шұңқырлар, ағаштарды заңсыз кесуге қатысты мәселелер толғандыруда.

– Оларды шешу үшін қалалық қызметтердің жүйелі жұмысын ұйымдастыру, қоғам тарапынан бақылау жасау, тұрғындармен кері байланыс орнату, олардың шағымдарына жедел жауап беру қажет.
Тараз – Жамбыл облысының келбеті, туристерді тарту орталығы. Сондықтан қала әкімдігіне өңірді дамыту бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.