A place where you need to follow for what happening in world cup

Адал еңбектің жемісі тәтті

306

Мамандықтың бәрі жақсы таңдай білсең болғаны деп атамыз қазақ айтпақшы. Ақиқатына келгенде, әр мамандық қадірлі! Десе де, мемлекет қауіпсіздігі саласының, яғни тәртіп сақшылардың қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен күрделіліктері, анығырақ айтқанда, жауапкершілігі мен қиындығы ерекше зор екендігі ешқандай талас тудырмайды. Ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген әр адам үшін өзіңнің Отаныңды сүю, туған елге жерге адал қызмет ету әрі бұл салаға бүкіл ғұмырын арнау және өзі өсіп-өнген жанұядан бастау алса қандай керемет.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1
мекемесінің ТИБКК құрамы нәтижелі еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің отбасымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Оған себеп, қатаңдығы мен қиындығына қарамай бұл салада тынымсыз еңбек ететін әрбір жан үшін жанұядағы жылулық, жанұяның күлімдеп отағасын жұмыстан күтіп алуы шаңырақтағы шаттық маңызды екендігі көпшілікке мәлім. Жуырда мекеме бастығының кезекші көмекшісі Сабырұлы Әділет бірқатар қызметкерлердің шаңырақтарына арнайы барып, кәсіби міндетті бірінші орынға қойып келе жатқан погонды отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысып өз көзімен көріп қайты.

Атап айтқанда бұл күні мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Сабырұлы Әділет және корпус бойынша аға бақылаушысы әділет старшинасы Сейітжапаров Қуат №2 ауысымының қызметкерлерінің шаңырағына бас сұғып, қоғам қауіпсіздігін күзете жүріп, ізін жалғар, ісін жалғастырар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін қызметкерлерге өз алғысын білдірді. Осы салада біраз еңбек еткен Сейітжапаров Қуат өз сөзінде берекелі шаңырақта күш-қайраты мықты халықтың тыныштығын күзете отырып, әке жолын жалғастырар адал әрі ержүрек ұл-қыздар тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз екенін жеткізді.

— Әкеге қарап, ұл өсетіні анық. Себебі, бала — ата-ананың үлгі-өнегесін көріп қана тәлім алады. Ал Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, Отан үшін от пен суға түсуге әзір жаннан қорқақ ұрпақ өніп шықпайтыны айқын. Сондықтан, тұрақтылық пен халқымыздың тыныштығын күзетіп, елге қорған
болып жүрген Сіздердің жанұяларыңызда шаттық орнап, көзге көрінген ұл-қыздарыңыздың бақытты ғұмыр кешуі басшы құрам үшін де ұжым үшін де аса маңызды. Отбасында бірлік-береке болса, коллективте ауызбіршілік болса қызметтеріңізде де мол жетістікке жетесіздер, — деп алғыс сөзін білдірді ТИБКК Сабырұлы Әділет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.