A place where you need to follow for what happening in world cup

«Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өтті

145

Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Адалдық- ардың ісі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы,»Талдау» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі — Әлмұратов Бақыт Темірханұлы;
Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі — Жақсылықова Эльмира Сауқымбекқызы;
Жамбыл облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі — Болатбек Уәлихан Болатбекұлы қатысты.
Кездесуді мектеп директоры Мұрат Жарылқапұлы жүргізді.
Кездесудің мақсаты: білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, білім алушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.
Кездесу барысында сапалы білім мен тәлім-тәрбие, адалдық қасиеттерін бойға терең сіңірудің маңыздылығы туралы айтылды. Спикерлер өз өмір тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жетудің негізгі қағидаттары адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты құндылықтардан тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, оқушылармен естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.