A place where you need to follow for what happening in world cup

Абаттандыру жұмысы жалғасуда

352

Биыл Шу қаласында үлкен өзгерістер болады деп күтілуде. Теміржолшылар қаласындағы тәртіпті қалпына келтіру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қомақты қаражат бөлінді. Қазірдің өзінде жұмыс қызу жүріп жатыр.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Шу қаласының 46 көшесі жөнделіп, асфальтталады. Бұл қажеттіліктерге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 681 млн. теңге бөлінді.

Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары Қосқұдық шағын ауданының 18 көшесінде, Тоғай шағын ауданының 8 көшесінде, «Қант зауыты» шағын ауданының 17 көшесінде және «Батыс» шағын ауданының 3 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Салынып жатқан көшелердің жалпы ұзындығы 29 705 метрді құрайды.

Өзге көшелерді ретке келтірудің жобалық-сметалық құжаттары келесі жылы дайындалады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-ші бағыты бойынша төрт көшеге  атап айтқанда, Абылай хан, Балуан Шолақ, Қ.Үсембаев және Сәтпаев көшесіне тротуарлар салуға және 1-ші көшедегі (Қарасу) жолды орташа жөндеуге 28 млн.теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 79 «Шу ауданының елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту туралы» қаулысын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Сонымен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қаланы абаттандыруға 68 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аудан әкімдігінің ТШ ЖК және АЖ бөлімі арқылы абаттандыруға 16 млн 604 мың теңге, балалар ойын алаңдарын орнатуға 12 млн теңге, абаттандыру жұмыстарына 39 млн 553 мың теңге бөлінді.

Көктемгі көгалдандырудың үш айлық жоспарына сәйкес, 10 мың түп ағаш көшеттері 500 шаршы метр жерге, газон 200 шаршы метр жерге отырғызылды  (теміржол вокзалы алдындағы алаңда және перронда, Тұрар Рысқұлов алаңында, қала әкімдігінің алдындағы алаңда, «Паровоз», «Ерке сылқым» монументтерінің жанында, Жеңіс саябағында, Сәтпаев көшесінің бұрылысында (Ровзан дүкені) және жанында «Қазына» сауда үйінде).

Сонымен қатар, 16 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды, 90 мың шаршы метр саябақтар мен алаңдар тазартылып, жабдықталды, 50 тонна қоқыс шығарылды және 50 шақырым қала көшелері тазартылды. Сенбіліктер жұма және сенбі күндері ұйымдастырылып, оған мыңға жуық адам қатысты. Бұл жұмыс жалғасуда. Жалпы алғанда, қала күн санап  көркейе түсуі үшін көптеген маңызды және шұғыл тапсырмалар бар.

Евгения СТЕЦЮРА

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.