АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тез тоқтатудың жалғыз жолы – Ресей президенті Владимир Путинді өлтіру деп есептейді.
Бұл туралы Линдси Грэм өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Ресейде Брут бар ма? Орыс әскерінде сәтті полковник Штауфенберг (1944 жылы Адольф Гитлердің өміріне сәтсіз қастандық жасаған Вермахт полковнигі) бар ма? Мұның жалғыз жолы біреу үшін аяқталуы мүмкін. Ресейде бұл жігітті көзін жою керек. Сіз еліңізге және әлеміңізге үлкен қызмет жасайсыз» деп жазды Грэм.
Орыс халқына арнаған сөзінде сенатор қазіргі жағдайды тек ресейліктердің өзедері ғана түзете алатынын айтты.
«Егер сіз қалған өміріңізді қараңғылықта, әлемнің қалған бөлігінен оқшауланған және өте кедейлікте өткізгіңіз келмесе, сіз жауапкершілікті алуыңыз керек» деп түйіндеді Грэм.