Ақмола колониясында ерекше мысық тұрады. Ол сотталғандарға көмектесіп, олардың қан қысымын қалыпқа келтіріп, емдеп жүр деп хабарлады turkystan.kz.
Қызметкерлер оны колониядан қалаға бірнеше рет алып кеткенін, тіпті біреу оны үйіне апарғанын айтады. Бірақ мысық бірнеше күннен кейін бұрынғы орнына қайтып келген.
«Сотталғандар оған үйреніп қалды, тамақтандырады. Қамқор болып жүреді», – дейді мекеменің режимдік бөлімінің жедел уәкілі Жанат Амангелдинов.
Тұтқындағы Федордың айтуынша, ол қарапайым мысық емес еді. Ол мысықтың ерекше қасиеті туралы: адамды емдейтінін, жоғары қан қысымын түсіретінін айтқан кезде бәрі күлген болатын.
Бір күні қамаудағы Қуаныш басының қатты ауырып жатқанын айтады. Жұмыс күні аяқталған соң, медицина қызметкерлері жоқ еді. Қуаныш төсекте жатқанда мысық келіп қолын, бетін иіскеп, қасына жатады. Ал ол мысықты сипалаған күйі ұйықтап кеткен. Сол ұйықтағаннан таңда бір-ақ тұрған ол өзін сергек сезінеді. Осыдан кейін мысыққа кезекке тұратындар көбейген.
Тұтқындағылар мысық қан қысымын реттеп қана қоймай, стресс кезінде көмектесіп, жүйке жүйесін тыныштандыратынын айтады.