A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақ халаттыларға айрықша көмек

130

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін тыңдадық. Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде елдегі ахуалды тұрақтандыруға арналған бұл мәлімдеме ел тұрғындарының еңсесін көтергеніне сенімдімін. Тұтас әлемді дүр сілкіндірген коронавирус инфекциясына қарсы іс-шаралар көлемін кеңейтіп, мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының да саны бірнеше есеге артты. Бұл — ең алдымен, қазақстандықтардың саулығы мен індеттен аман шығудың амалы екені белгілі. Алайда, дәл осы індеттің салдарынан жұмысынан айырылып немесе табыс көзінен қағылған азаматтарға мұндай қолдау білдіру – бәріміз үшін күтпеген жаңалық болды.

Әсіресе, Президентіміздің адам жанына араша болып жүрген ақ халатты абзал жандарымызға көрсеткен қамқорлығына дән риза болдым. «Пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстемеақы төленеді» — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Расымен де коронавирусқа шалдыққан отандастарымызды аурудан айықтыру жолында барын салып жүрген медицина қызметкерлері қандай құрметке болса да лайық деп есептейміз. Бұл ақ халатты жандардың өздеріне деген сенімділігін сақтап қалуға сеп болары сөзсіз.

Ә.МАЛШЫБАЕВА,
Шу қалалық ауруханасы жарақат бөлімшесінің аға мейірбикесі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.