Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында Жаднама: Жастар тәжірибесі дегеніміз не? ЖОО, колледждер мен лицейді бітіруші түлектерге мамандық алғаннан кейін алғашқы тәжірибе алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырған қосымша шара. Жастар тәжірибесіне қатысушыларға жұмыс уақытын жұмыс берушінің өзі анықтайды(жұмыс беруші, жұмыс уақыты белгіленген, қол қойылған табельмен бекітеді). Бітіруші жас түлектер Жастар тәжірибесіне меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады. Жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем ақы бере алады. Жастар тәжірибесінің ұзақтық мерзімі — 6 ай. Жастар тәжірибесіне жоғары оқу орындарын, колледждер мен лицейді кем дегенде бітіргеніне 3 жыл толмаған, 18-29 жас аралығындағы жастар және өз мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ мамандар қатыса алады. Жастар тәжірибесіне қалай қатысуға болады?
1-ші қадам. Келесі құжаттарды дайындау қажет: 1. Жеке куәлік 2. Жоғарғы және арнайы орта оқу орнын бітіргені туралы дипломы (түп құжат)
2-ші қадам. Жастар тәжірибесі өтетін орын іздеу (жұмыс берушіні)
• Жас түлек өз бетімен немесе Мансап орталығы көмегімен, оқу орындары арқылы іздеу керек.
• Егерде бітіруші түлек тәжірибе өтетін орынды өз бетімен таба алмаса Шу ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.
3-ші қадам. Жастар тәжірибесіне қатысуға жолдама алу.
— Егерде бітіруші түлек Шу ауданының тұрақты тұрғыны тіркеуі болса, онда аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығына тұрғылықты тұрғын ретінде баруға болады.
4-ші қадам. Жұмыс беруші де құжаттарды рәсімдеу. 1. Шу ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығымен бекітілген үш жақты типтік келісім шартқа қол қою. 2. Жұмыс берушіде Жастар тәжірибесіне жіберген жолдамасының бір бөлігін толтырып және бұйрық көшірмесін Халықты жұмыспен қамту орталығына беру (жіберу,өткізу) қажет. 3. Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші жастар тәжірибесімен өтіп жатқан жас маманның ай сайынғы жұмыс уақыты есептелген табельді өткізуі тиіс (айлық жалақы есептеуге). 2020 жылы Шу ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 403 жас маманды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 128 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылып отыр. Тағылымдамадан өткен өзге де жастардың түпкі мақсатына жетуі үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл жобаның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, елдегі жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі туып отыр. «Ең маңыздысы, жастар тәжірибесінде өз мамандығыңның қыр-сырын меңгеруге зор мүмкіндік бар. Жұмыс істеп жүріп жаңа ақпарат аласыз, құжаттармен жұмыс істеуді үйренесіз. Бұл тек тәжірибе ғана емес, өзіңізді қызықтыратын жұмыс па, жоқ па түсініп, шешім қабылдау мүмкіндігі.
О.Умаров, Шу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі.