A place where you need to follow for what happening in world cup

Суды тиімді пайдалануды үйренетін кез жетті

190

Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен облыс әкімінің орынбасары
Б. Нығмашев жұмыс сапарымен Шу ауданында болды. Облыстағы су қоймаларының жай-жапсарын білмекке келген Мағзұм Маратұлының аудандағы алғашқы сапары Тасөткел су қоймасынан басталды. Аудандағы егіс алқаптарын суару мақсатында пайдаланылып келген бұл су қойманың сыйымдылығы 620 млн. текше метрді құрайды. Аталған су қоймасын қайта жаңғырту жұмысына (реконструкция) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында 500 000,0 қаржы бөлініп отыр. Мағзұм Маратұлы осынау ауқымды жобаға көбірек көңіл бөлуді тапсырды. Болашақта суды жинап, оны тиімді пайдалануды үйрену мақсатында облыстың қолдауымен жаңа су қоймаларының құрылыс мәселелерін шешуді жоспарлануда.
Мұнан кейінгі бағыт маусымдық дақылдар өсірумен айналысатын «Qyzylsha» ЖШС болды. 2018 жылы негізі қаланған серіктеске 1373 егіс алқабы тиесілі. Соның ішінде 25,5 гектарға қант қызылшасы, 397,5 гектарға жүгері және 950 гектар жерге арпа дақылы егіледі. Серіктестік Қант зауыты құрылысына 63 га жер телімі бөлінген. Серіктестік өкілдері зауытты іске қоспас бұрын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін жүйеге қою мақсатында өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмысымен айналысып келеді. Қазіргі уақытта 204 га жерге наурыз айында 3 жаңбырлатып суару технологияларын орнатты. 270 га аумаққа тамшылатып суару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Шу ауданының әкімі Ж. Айтақовтың фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.