A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысулықтар Үндеуді қолдауда

416
ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.
«Бұл – уақытша дүрбелең!» –деп халықты түсіністікке шақырған Президент төтенше жағдайға байланысты бүгінгі  үндеуінде: — Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады.
Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін.
Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз.  Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді.
Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді! – деді.
Осы мақсатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл селекторлық кеңес өткізіп, тиісті тапсырмалар берді.
Осы тапсырмалар аясында  аудан әкімі  Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен дүйсенбі күні маңызды жиын өтті.
Сарысу ауданы әкімі Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен жиында, жиналған кәсіпкерлер тарапынан Президенттің төтенше жағдайларға байланысты қабылдаған сақтық шаралары кеңінен айтылып,  қолдау тапты.
Онда төраға  әлемде коронавирус індеті өрши түскелі ел ішінде індетке қатысты алып-қашпа әңгіме көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі аталған қауесеттердің азаматтар арасында үрей тудыратынын ескертіп, жалған ақпаратқа сенбеуге және көпшілікке таратпауды талап етті.
Бірінші орында елдің денсаулығы мен болашақ ұрпақтардың амандығы екендігін, десек те дақпырт пен жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертті. Бұл індет уақытша маусымдық сипатқа ие. Ауа райы жылынса бұл індет жойылады деген тұжырым бар.
Сондықтан әрбір азамат қазіргі қиын кезеңде өзіне артылған жауапкершілікті сезінуі тиіс. Көпшілік шараларды, тойлар мен садақаларды және өзге де отбасылық мерекелерді ұйымдастыру мен өткізуге және оларға баруға уақытша шектеу қоюларыңызды және бұл мәселеде түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Осы мақсатта арнайы мобилдік топ құрылып, халық арасында түсіндіру, сақтандыру шаралары кеңінен насихатталуда. Топ құрамына ерікті ретінде қосылғандар тарапынан да үлкен қолдау тауып, көпшілік жүретін орындарға жадынама қағаздары ілініп, таратылуда. Сонымен қатар  демеушілер тарапынан тігіншілермен келісіліп бетперделер тігілуде. Ешқандай азық-түлік немесе дәрі-дәрмек тарапынан ауданда қажеттілік әзірге туындамайды.
Біз үшін азаматтардың өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін аудан басшысы кеңінен түсіндіріп өтті.
Осы ретте аудандағы ірі сауда орындары мен тойхана иелері түсіністікпен қарап, Үндеуде айтылған тапсырмалар аясында жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.
Атап айтсақ,  Жаңатас қаласындағы ең ірі тойханалардың бірі  «Бақдаулет» мейрамханасының иесі, кәсіпкер  Айбаршын Жұмаділова:
—    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған үндеуін барлығымыз ерекше ықыласпен қабылдадық.
Санаулы айдың ішінде әлемді дүрліктіріп, дүниежүзін дендеп бара жатқан дертке байланысты айтылған үндеуде ел тұрғындарын сабырлылық пен ауызбіршілікке шақырып, сақтық шараларын барынша күшейтуді айтқан мемлекет басшысын қолдаймыз.
Еліміздегі қоғамдық тәртіп пен әр азаматтың талапқа сай әрекет етуін бақылауға алу арқылы ғана аурудың алдын алуға болатынын да ерекше ескертті. «Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс» — деп, халықты бірігуге, даурығу мен қорқыныштан қашық болуға шақырды.
Сақтықта қорлық жоқ. Бар күшті аурудың алдын алуға салу керек.
Алайда жаппай дүрлігуге,босқа даурығуға болмайды.Өйткені тұрғындар түбегейлі дүрбелеңге салынып, арандап қалар болса елдегі қалыпты жағдай бұзылады.
Осы ретте Президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызғандардың заңға сәйкес жауапқа тартылатындығын да атап өтті. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне зор сенім артып, үлкен жауапкершілік жүктеді.
Ел үкіметі дерттің бұл түрін ерекше назарға алды. Әлбетте, аурудан сақтану үшін әрбір тұрғын өзінің иммунитетін нығайтып, дәрігерден медициналық кеңес алудың маңызды екенін жете түсінуі керек.
Себебі, кез келген аурудың ең тиімді тәсілі – алдын алу шаралары екенін сөзсіз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының елдегі ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлардың және жұртшылық көп жиналатын басқа да орындардың уақытша жабылатындығын айтты.
Оған қоса, тұрғындарды отбасылық іс-шараларды өткізбеуге шақырды. Осылайша, республика деңгейінде санитарлық режимді күшейтуге басымдық беріп отыр. Бұл шараларға жергілікті тұрғындар түсіністікпен қарап, мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар мен талаптарды бұлжытпай орындауы қажет. Сонда ғана әлем елдерін алаңдатқан дертке қарсы тұруға болады. Дүрмекке ілесіп,дүрбелеңге салынбай,дұрыс шешім жасайық!
Кәсіпкер ретінде тек түсер пайданы ғана ойламай, елдің қауіпсіздігін де ұмытпайымыз керек. Сондықтан барша кәсіпкерлерді бағаны көтермеуге, талапқа бағынып жұмыс атқаруға шақырамын,-десе,  апта сайын тойдың көркін қыздырып, 200-300 ден астам қонақ күтетін  «Көркем» тойханасының иесі, жеке кәсіпкер Аяпова Рауан да:
 — Азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын – Президент «Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқу жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Сақтанғанды Құдай сақтайды» деді Мемлекет басшысы.
Расымен айтқан сөздерінің бәрі рас, сондықтан босқа дүрлікпей Президенттің айтқандарын жасауымыз керек. Бұл уақытша ғана сондықтан, баршамыз бірігіп, жеңуіміз керек. Мен ағайын туысты уақытша қиындыққа мойымай, сабырлықпен, сақтықпен жеңуге шақырамын.
Бұл дер кезінде  дұрыс қабылданған шешім болды. Қырық жыл қырғын болғанда да өлмеген халықпыз.
Бұл уақытша, өтеді де кетеді. Тек осы уақытта салғырттық пен қателікке жол бермеуіміз керек. Президенттен бастап, облыс, аудан әкімдерінің айтқан талап, тілектеріне құлақ аса отырып, қиын кезеңді артта қалдырамыз,-деп жалпыхалықтық қауіпсіздік шараларына атсалысатындықтарын жеткізді. Сонымен қатар жаста болса, өз кәсібінен нәсібін теріп жүрген жеке кәсіпкердің бірі Айбаршын Қызыр:
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дүниежүзін шарлаған қауіпті індет жайлы Жарлығын көрдім.
Онда Ұлт Көшбасшысы — «Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл уақытша дүрбелең.
Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек»-деген сөзі бүкіл қазақ жұртын дүр сілкіндірмей, сабырға шақырғандығы көрегендігінің көрінісі деп білемін.
Қазіргі таңда короновирус ауруына шалдықпас үшін жоғарыда отырған сарапшы мамандардың ақыл-кеңесіне аса мән беру қажет екенін ұмытпауымыз керек. Олай дейтінім, «ауру іздегенше-ауырмаудың жолын ізде»-деп айтқандай күнделікті өмірімізге кері әсерін тигізбейтін сақтық шараларды қолдануымыз керек.
Аталмыш кеселдің түп-тамырын жою-күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп, осы бағыттағы іс шараларды күшейту үшін айтылған шешім ертеңгі күніміздің айқын дәлелі деп білеміз.
Осы тұрғыда Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында халқымыздың ауызбіршілігі артып отыр. Татулығымыз — біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі. Мұның қадірін ел-жұртымыз жақсы түсінеді. Отанымыз үшін атқарылған игі жұмыстарды өзара ақылдасып, кеңесе отырып талқылап, оңды шаралар қабылдай білсек, ұтылмаймыз.
Жүзден астам ұлыс өкілдері ұйып отырған қазақ еліндегі татулыққа қазір талай жұрт сүйсіне қарайды. Лайым, бірлігіміз бен ынтымағымыз үндесіп, жарасым таба берсін деп тілейміз. Осы орайда жеке кәсіпкер ретінде азық-түлік бағасын орынсыз шарықтатпауды қолға аламын. Және көп арасында бос сөз бен дүрбелеңнің орын алмауы үшін ерікті ретінде жөнді кеңес айтып, халықты ауызбіршілік пен түсіністікке шақыруға өз үлесімді қосамын, деді.
Басқа да кәсіпкерлер осы қауіпсіздік шараларына қосылатындықтарын мәлімдеді.
Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы әкімінің  баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.