Ауылдың дамуы – өңірдің өркендеуі — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауылдың дамуы – өңірдің өркендеуі

16

№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Мейрбеков Ержан Абуович

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Мейрбеков Ержан Абуович, 1988 жылы 8 ақпанда Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
2005 жылы туған ауылымдағы «Алғабас» орта мектебін бітірдім. Сол жылы Тараз қаласындағы политехникалық колледжге оқуға түсіп, 2007 жылы арнаулы орта білім алдым.
2007-2020 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. Кәсіпкерлік қызметпен қатар ауыл шаруашылығына қызығушылық танытып, бақша дақылдарын өсіруді қолға алдым. Бұл салаға деген қызығушылығым уақыт өте келе негізгі кәсібіме айналды. Әкемнен дарыған диқаншылық дәстүрін жалғастыруды мақсат етіп, 2020 жылы «Зерхат» шаруа қожалығын құрдым.
Бүгінде шаруа қожалығымның егістік алқабы 200 гектарға дейін ұлғайды. Шаруашылықта су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологияларының бірі – тамшылатып суару әдісі енгізіліп, осы тәсілмен бақша дақылдары өсіріледі.
2025 жылы шаруашылық алқаптарында 70 гектарға қант қызылшасы, 40 гектарға бақша дақылдары, 20 гектарға картоп және 20 гектарға пияз егілді. Нәтижесінде бақша дақылдарынан 1280 тонна, картоптан 480 тонна, пияздан 520 тонна және қант қызылшасынан 5950 тонна өнім жиналды. Бұл көрсеткіштер шаруашылықтың өндірістік әлеуетінің артып, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысымыздың жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді.
Егін шаруашылығын тиімді жүргізу үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Қазіргі таңда шаруашылық иелігінде екі МТЗ-892 тракторы, ЮТО тракторы, Зумилон-1340 тракторы және басқа да ауыл шаруа- шылығы техникалары бар. Сонымен қатар қант қызылшасын жинау жұмыстарын механикаландыру мақсатында 150 миллион теңгеге қант қызылшасын жинайтын комбайн сатып алдық.
Шаруашылықтың алдағы дамуы үшін өнімді сақтау және ысырапқа жол бермеу мәселесіне де ерекше көңіл бөлемін. Осы мақсатта 2022 жылы заманауи көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастадық. Қазіргі уақытта нысанның іргетасы құйылып, қабырғалары көтеріліп, шатыры толық жабылды. Алдағы уақытта қойманы толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарымызда бар.
Мен үшін ауыл шаруашылығы – тек кәсіп көзі емес, ата кәсіпті жалғастыру, туған жердің дамуына үлес қосу жолы. Сондықтан шаруашылықтың өндірістік қуатын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, жерді тиімді пайдалануға және мол өнім алуға басымдық беремін. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығын дамыту, шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын нығайту және туған ауылымның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосу бағытындағы жұмыстарымды жалғастыра беремін.

Сайлауалды бағдарлама

Қадірлі сайлаушылар!

Мен ауылда туып-өстім. Диқаншылықтың қыр-сырын бала кезімнен көріп, әкемнен еңбекқорлық пен жерге деген құрметті үйрендім. Бүгінде өзім де шаруа қожалығын басқарып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келемін. Сондықтан ауылдағы ағайынның күнделікті тіршілігін, диқандардың мәселесін, шаруалардың қандай қиындықтарға кезігетінін жақсы түсінемін.
Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың талап-тілегін тиісті деңгейде жеткізу және оның шешілуіне ықпал ету мүмкіндігі. Осы мақсатта төмендегі басым бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді көздеймін.

Ауыл шаруашылығын өркендету және шаруаларға қолдау көрсету

• Шағын және орта шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімді болуына ықпал ету;
• Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін субсидиялар мен жеңілдетілген несие- лердің уақытылы әрі ашық бөлінуін бақылау;
• Тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдарының бағасын тұрақтандыру мәселесін көтеру;
• Шаруалардың өнім өткізуіне, делдалдарға тәуелділігін азайтуға және тікелей сауда байланыстарын қалыптастыруға жағдай жасау;
• Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға арналған жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

Су тапшылығын шешу және су үнемдеу технологияларын енгізу

• Егістік алқаптарын ағын сумен тұрақты қамтамасыз ету, суару жүйелерін жаңғырту мәселесін назарда ұстау;
• Каналдар мен арықтардың тазалануына, су жеткізу жүйелерінің жөнделуіне ықпал ету;
• Тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын енгізетін шаруаларға қолдау көрсетуді күшейту;
• Су ресурстарын әділ бөлу және егіс науқаны кезінде су тапшылығына жол бермеу мәселесін көтеру;
• Су үнемдеу технологияларын қолдануға қажетті жабдықтарды сатып алуға арналған қолдау шараларының тиімділігін арттыруға атсалысу.

Ауылдық инфрақұрылымды жақсарту

• Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту мәселесін көтеру;
• Ауызсумен қамту, электр желілері мен табиғи газ инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету;
• Ауылдарды интернетпен және сапалы байланыспен қамту жұмыстарын жандандыру;
• Елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық орындарды ретке келтіруді назарда ұстау;
• Ауыл тұрғындары үшін қолайлы тұрмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау.

Жұмыспен қамту және жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасау

• Ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау;
• Жастардың ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке келуіне мүмкіндік беретін жеңілдетілген бағдарламаларды кеңінен насихаттау;
• Кәсіптік білім беру ұйымдары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайту;

Құрметті сайлаушылар!

Мен ауыл шаруашылығының дамуы – ел экономикасының нығаюы мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың маңызды негізі деп есептеймін. Жердің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, шаруалардың еңбегін бағалап, ауылдағы өзекті мәселелерді шешуге күш жұмсау қажет.
Менің ұстанымым – құр уәде емес, нақты жұмыс, ашық байланыс және халық алдындағы жауапкершілік. Егер маған сенім білдірсеңіздер, облыстық мәслихат депутаты ретінде ауылдардың дамуы мен тұрғындардың мүддесін қорғау жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Еңбек адамына құрмет – ауылға құрмет! Ауылдың дамуы – өңірдің өркендеуі!

Тапсырыс беруші: № 16 бірмандаттық облыстық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мейрбеков Е.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.