2026 жылдың тамыз айында Жастар күніне орай Жамбыл облысында дәстүрлі «Жайдарман» ойындарының облыстық «Жазғы кубок – 2026» фестивалі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өңір жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өнерлі әрі талантты жастарды қолдау, сондай-ақ жастар арасында тапқырлықты, мәдениеттілікті және өзара ынтымақтастықты дәріптеу.
Биылғы фестиваль ерекше форматта, ашық аспан астында өткізіліп, Жамбыл облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен келген 10-ға жуық жайдарман командасының басын қосты. Ойын барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, әзіл-сықақ өнеріндегі шеберліктерін және сахналық мәдениеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша І орынды Тараз қаласының «Инсайд» командасы иеленіп, 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. ІІ орын «Тараз 2004» командасына бұйырып, 200 000 теңге, ал ІІІ орынды жеңіп алған «Әуесқой» командасына 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Сонымен қатар, ерекше өнерімен және сахнадағы шеберлігімен көзге түскен «ОЮ» командасының ойыншысы Айназ Адамбаева «Үздік ойыншы» номинациясына ие болып, 50 000 теңге көлеміндегі арнайы сыйлықпен марапатталды.
«Жазғы кубок – 2026» фестивалі өңірдегі жайдарман қозғалысын дамытуға, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға және командалар арасындағы тәжірибе алмасу мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Аталған мәдени-көпшілік іс-шара жастардың шығармашылық белсенділігін арттырумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, жаңа таланттардың танылуына және жастар арасындағы достық пен бірлік құндылықтарының нығаюына оң ықпал етті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.