Тараз қаласында Республика күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акция барысында жастар аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыруға белсенді атсалысты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қаланың тазалығын сақтауға үндеу.
Тазалық – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қаламыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!