23 қазанда «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясы өтті. Жиында өңірдің 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы қаралып, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынылды.
Конференцияға облыстың қала және аудандарынан сайланған делегаттар қатысты. Мандат комиссиясының мәліметінше, конференцияға барлығы 103 делегат сайланған, оның 92-сі жиынға қатысты.
Күн тәртібіне төрт мәселе енгізілді. Атап айтқанда, «Әділетті болашақ үшін» атты өңірлік сайлауалды бағдарламаны бекіту, Жамбыл облыстық мәслихатына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттар ұсыну, сондай-ақ облыстық филиалдың Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Жиында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Даурен Каипов өңірлік бағдарламаны әзірлеу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен облыстың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ескерілгеніне тоқталды.
«Өңірлік сайлауалды бағдарламаның негізінде Жамбыл облысы тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер жатыр. Баспананың қолжетімділігі, тұрақты жұмыс орындары, ауылдағы инфрақұрылым, сапалы білім мен медициналық қызмет – халық үшін өзекті бағыттар. Біз азаматтар көтерген ұсыныстарды жүйелеп, оларды нақты міндеттерге айналдыруды көздеп отырмыз. », – деді Даурен Каипов.
«Әділетті болашақ үшін» атты өңірлік сайлауалды бағдарлама 2026–2031 жылдарды қамтиды. Құжатта тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және экологиялық мәселелерді шешу бағыттары белгіленген.
Бағдарламаны әзірлеу барысында тұрғындардың ұсыныстарына да назар аударылған. Сайлау науқаны кезеңінде партияға өңір тұрғындарынан 378 өтініш пен ұсыныс түсіп, оның 275-і шешуді қажет ететін мәселелер ретінде айқындалған.
Конференцияның келесі маңызды мәселесі облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну болды. Жиында партиялық тізім бойынша 38 кандидат, ал бірмандаттық сайлау округтері бойынша 18 кандидат ұсынылды.
Сонымен қатар конференцияда партияның Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
«Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі:
1) Алиев Адиль Ровшан Оглы;
2) Алибеков Серик Айдарович;
3) Аманжолов Ришат Бегалиевич;
4) Асқарұлы Данияр;
5) Әбуғали Ерғали Рүстемұлы;
6) Бейсенкулов Дауыл Интыкбаевич;
7) Бекебаева Айман Кенжебековна;
8) Бексултанова Анар Сагинтаевна;
9) Болатбек Уалихан Болатбекұлы;
10) Буларов Лугмар Харкиевич;
11) Гладченко Марина Васильевна;
12) Дайрабаева Шолпан Еркетаевна;
13) Даутов Оралхан Абдрашулы;
14) Еркинбаева Лаззат Калымбековна;
15) Джолдасбеков Нуржан Крыкбаевич;
16) Жолмаханова Айтбала Абухасовна;
17) Жумагали Нурдаулет Максутович;
18) Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы;
19) Джунусова Фарида Амансариевна;
20) Кадралиев Айбек Амансеитович;
21) Каипов Даурен Айтасович;
22) Календеров Нуржан Сабитович;
23) Калиев Рустем Киикбаевич;
24) Кариева Шолпан Кайратовна;
25) Кыдырбаев Баглан Джарлыкасынович;
26) Куланбаева Гулбаршын Кайратовна;
27) Ниязкулов Нурлан Казиевич;
28) Оршубеков Айбек Абубекович;
29) Омирбаева Гульвира Джумановна;
30) Усербаев Султан Мыктыбекович;
31) Разимбеков Нуржан Калмаханович;
32) Сапарбеков Нурлан Гиззатович;
33) Сариев Ерсин Берикович;
34) Сарсембекова Айнур Егетаевна;
35) Сейналиев Асанбай Ермекбаевич;
36) Султанов Нурлан Темирбекович;
37) Токбергенов Нуркен Досжанович;
38) Фёдоров Данил Сергеевич.
«Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған кандидаттар:
1) №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Сейдахметов Жандос Жандарбекович;
2) №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Бегалиева Эльмира Рустемовна;
3) №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Умаров Гулам Мухтарович;
4) №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Карабеков Алтай Заутбекович;
5) №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Койлыбаева Эльмира Сериковна;
6) №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Калиев Сауран Калиевич;
7) №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Сматов Жамбыл Сырлыбекович;
8) №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Құрманәлі Қуандық Қайратұлы;
9) №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Раисов Торехан Алтынханович;
10) №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Магзымбеков Ерулан Сабенович;
11) №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Идыбо Селиме Люшировна;
12) №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Адамбаева Жибек Маликовна;
13) №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Тлеубердиева Гульжан Ержановна;
14) №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Калымбетов Бакытжан Алдасугирович;
15) №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Сметов Куаныш Адилбекович;
16) №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Жетибаев Серик Дуйсеналиевич;
17) №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Кораласбаев Арылбек Шамшабекович;
18) №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша – Камбаров Гани Шораевич.
«Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі