A place where you need to follow for what happening in world cup

Жыл ішіндегі жұмыстар жоғары бағаланды

236

Кеңес ауылдық округі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қолға алынған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту» жобасына байланысты пилоттық жобаға енген ауыл. Аталған ауыл халқының мал өсіріп, егін егуде тәжірибелері мол. Олар аталған жобаның бес бағыты бойынша еңбек етуде. Өткен жылы «Биназар», «Богдан», «Сануи» каналдарын тазалап, су өткізетін құбырларды күрделі жөндеуден өткізді. Сөйтіп, ауылдағы 1515 га. суармалы жер игерілді. Онда жүгері, арпа, бақша, көкөніс егіліп, одан мол өнім алынды. Ауыл диқандары биылғы жылы егістік көлемін ұлғайтуды ойластырып жатыр.

Ауылдың 4 азаматы қайтарымсыз 505 мың теңге несиеге қол жеткізіп, оның бірі сүтті ешкі, бірі түйе тауық өсіруді қолға алды. Ал қалған екеуі шаштараз, сұлулық салонын ашып, халыққа қызмет көрсетуде. Мал шаруашылығында да қол жеткізген жетістіктер көп.

Ауылдағы №2 орта мектепте өткен халықпен кездесуде жыл ішінде атқарылған осындай жақсы жұмыстар кеңінен айтылды.

– Өткен жылы біздің ауыл ғана емес, аудандағы егістікпен айналысатын ауылдар үшін жақсы жыл болды. Жиырма жылдан кейін ауылға су келіп, жүгері, арпа, қауын-қарбыз ектік, жоңышқалықты кеңейттік. Бұл үшін аудан әкімі М.Мұсаевқа алғыс айтамыз. Биыл егістік көлемін ұлғайтатын боламыз. Ауданға астық комбайны алынатыны дұрыс болған екен. Себебі, биыл арпа егушілер көп болады, — деді еңбек ардагері Бүйенбай Қозиев.

Бұдан соң ауыл тұрғындары Н.Әбдіразақов, Г.Әбдірайқұлова, А.Бөкеновтер ауыл халқына ауыл ішіндегі арықтарды тазалауға шақырып, 1 шақырым үлкен каналды тазалау, Ж.Қуанышбаев көшесін асфальттау, Тоқсейіт көшесін жарықтандыру, несие алу жолдары туралы ұсыныстарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.