A place where you need to follow for what happening in world cup

1 маусым – балаларды қорғау күні

202

Бүкіл әлемде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнi ретiнде аталып өтіп, ескi халықаралық мейрамдардың бiрiнен саналады. Оны өткiзу жөнiнде шешiм 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Алғаш балаларды қорғау кунi 1950 жылы БҰҰ аталған бастаманы колдап балалардың өмiрiмен құқығын, денсаулығын қорғауды басты бағыттардың бiрiне айналдырған.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментi бастығы, әдiлет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаевтың бастауымен 1 маусым – балаларды қорғау күнiне орай мерекелiк iс шара өтті.

«1 маусым – балаларды қорғау күнi кұтты болсын» – деп сөз бастаған Н. Рыспаев мырза барлық балаларды шын жүрекпен ашық аспан, бейбiт өмiр, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкi тiлейтiнiн, әр уақытта дендерi сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектес екенін айтып, жылы лебiзiн бiлдiрдi.

Мерекелік іс шараға арнайы шақыртылуымен Жамбыл облыстық драма театрының артистері балаларға түрлі қызықты қойылымдар көрсетiп, ойындар ойнатып шат-шадыман көңiл күй сыйлап, түрлі сыйлықтар табыстады.

Қ.Аңламасұлы,

ЖД-158/1 мекемесінің КСБ аға инспекторы 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.