Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, бала шұңқырға құлап кетіп, шыға алмай қалған. Оны полиция қызметкері Тілек Ерлібеков тапты.
«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі», — деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.