Өскемен қаласында аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып кетіп, жоғалып кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады.
«Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар іздеуге құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар үйлер мен аулаларды аралап тексеруде. Квадрокоптермен де іздеу жұмысы жүріп жатыр», — делінген ақпаратта.
Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпішке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды