A place where you need to follow for what happening in world cup

Түркістан облысында такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді

153

Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолында «Ауди С4» маркалы автокөлікті тоқтатты.Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар салмағы 10 келіден асатын 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның  кептірілген марихуана екені анықталды.aikyn.kz

«Күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалымен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны», — деп көрсетті Түркістан облыстық Полиция департаменті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.