Әлемдегі, ел ішіндегі пандемияға байланысты жағдайлар бәрімізде қатты алаңдатады. Коронавирусқа шалдыққан отандастарымыздың санының да күн санап өсуі жанымызға батады. Осынау жағдайда әрбіріміздің жауапкершілігіміз сыналады. Әсіресе халықтың күнделікті қажеттілігін өтейтін шағын және орта бизнес өкілдеріне бұл сынды еңсеруде ерекше жауаптылық танытуы қажет. Халық жиі бас сұғатын сауда орындары мен қоғамдық мекемелерінде, түрлі қызмет көрсету ұйымдарына санитарлық тазалық талаптары мен уақыт жағынан шектеу қойылуына түсіністікпен қарау қажет. Ол жайында өз Үндеуінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нақты ұсынымдар мен шешімдер жасады. Бізге өз қызметімізде осы Үндеуді басшылыққа алу маңызды. Өйткені онда күрделі ахуалдағы барлық іс-әрекет алгоритмі нақты көрсетілген.
Сағадат Мадалиев,
жеке кәсіпкер