A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлі де босаңсуға болмайды

292

Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі 2020 жылдың 11 мамырында аяқталды. Бірақ, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін де карантин және шектеу шаралары сақталуда. Мәселен, облыстардың кейбір аумағында карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды. Сондықтан карантиннің шектеу талаптарын қатаң сақтау өзімізді және коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін өте қажет.
Бірінші кезекте темірдей тәртіп пен заңға бағыну қажет. Әлем коронавирус індетімен осындай карантин режимін сақтаудың, тәртіпке бағынудың арқасында күресіп жатыр. Көпшілікке қатысты енгізілген ортақ тәртіпке бағыну, өзіңмен қатар өзгенің де өміріріне тигізетін зияныңды ойлау мәселесін алдыңғы кезекке шығаруымыз қажет. Карантиндік шаралардың жалғасуына қарамастан Шу аудандық сотында түрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтарға қатысты істер қаралып, тиісті жазалар қолдануда.
Төтенше жағдай режимі аяқталғалы бері аудандық сотта 64 әкімшілік іс қаралып, 16 адамға әкімшілік айыппұл жазасы, 15 адамға әкімшілік қамаққа алу жазасы, 5 адамға ескерту жазасы, 6 адамға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы, 6 адамға Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу жазасы қолданылған, 16 іс қысқартылған, оның ішінде 10 іс медиация тәртібімен қысқартылған.
Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сот істері «TrueConf» және «WhatsApp» мобильдік қосымшалары арқылы қаралуда.
Карантиндік режимді мүмкіндігінше тезірек жою үшін біз өміріміздің әлеуметтік жауапкершілігіy сезініп, санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Е.ЖАМАНҚҰЛОВ,
Шу аудандық соттың төрағасы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.