A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлеуметтік жобаның көмегі зор

161

Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың  жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін  бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін  «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор. Осы орайда, Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын ұйымдастыру жүйелі жалғасын тауып келеді.

Айталық, күні кеше аталған жоба аясында мекемеде жазасын өтеп жатқан 5 сотталған азаматқа екінші мүмкіндік берілді. Олардың 4-еуінің жазасы жеңілдетілген жаза мерзіміне ауыстырылды. Ал, 1 сотталған азамат шартты түрде мерзімнен бұрын бостандыққа шықты.

Аталған  шараға Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры Олжас Бектаев пен сотталғандарға арналған бейімдеу орталығының басшысы Фоат Камардинов қатысты. Олар жоба аясында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңестер берді.

Жоба аясында қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған жазасын өтеушілер шараны ұйымдастырушы мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдіріп, жоба аясында тиісті көмектерге қол жеткізетін болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.