A place where you need to follow for what happening in world cup

«Үзілді-кесілі қарсымыз». Жаңаөзендік ұстаздар Тоқаевқа үндеу жолдады

143

Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», – дейді ұстаздар.

Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді. Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.

«Мектептер мемлекет меншігінде қалады», – деп хабарлады ведомство.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар:

– мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

– күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу;

– білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.