A place where you need to follow for what happening in world cup

Қызметкер қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады

209

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлау көктемнің алғашқы күндерінен-ақ басталып кетті. Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да шет қалған жоқ.

Мәселен, сотталған Владимир Лесник пен Нұржанбек Жұманалиев мекеменің аяулы қызметкер қыз-келіншектерін ару көктемнің көркем мерекесімен құттықтады. Ақ тілектері мен жылы леюбіздерін ақ қағаз бетіне қылқаламның көмегімен түсірген жазасын өтеушілер туындыларын шоқ гүлдермен көмкеріп, бар ыстық ықыластарын білдірді.

Өз сөзінде жазасын өтеушілер ҚАЖ саласының қызметкерлеріне зор денсаулық тілей отырып, олардың қызметіне сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.