A place where you need to follow for what happening in world cup

Қырбас мазары

271

Қырбас мазары Күшаман ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км қашықтықта орналасқан. Қарамырза — Күлет баласы Қырбас қажының бұл кесенесі Мәдениет ескерткіштерін қорғау жөнінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген.

Қырбас атамыз өзі қажылықтан келісімен 17 жастағы ұлы Жәйнәбіл қайтыс болады. Содан өзінің отбасы түгел жататын 2 бөлмелі, төрт мұнарасы бар кесенені 1902 жылы соғып бітіреді. Күмбезді соғуға Құсмолда деген шеберді Ташкент қаласынан алдырады. Шебер сол ауыл жанынан кірпіш күйдіретін шеберхана ашып, кірпіштерді неше түрлі кескінде (формада) құйған. Кірпішке қой-ешкі жүндерін қоса отырып, теріскенмен күйдірген. Кірпіш сапасының жоғарылығы сонша, шыныдай сыңғырлап тұрған көрінеді. Тасқа ұрса да сынбаған. Күмбездің 2 бөлмесінде де арабша құран сүрелері жазылып, бояулары жарқырап тұратын.

Күмбездің төргі бөлмесінде Зейнәбіл, Қырбас, әйелі Бибіш, ал ауызғы бөлмеде Мәдіхан деген ұлы жатыр. Ал жалпы қоршау ішінде Мәдіханның әйелі Жәмила, қызы Күлхадиша, Зейнәбілдің қызы Айша және әйелі, Мәдіханның ұлы Зарлыхан, Зарлыханның ұлы Марат, қызы Нұргүл жерленген. Алайда 2000 жылдарға таман бұл кесене құлап қалып, қараусыз күй кешті. Ал 2011-2012 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша кесенеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Бір кездері үлкен төбе болып қалған Қырбас кесенесіне қайта қалпына келтіру жұмыстарының жоғарғы деңгейде жүргізіліп, ең бастысы бұрынғы Қырбас қажының өзі салдырған кесенесі сол қалпын сақтап қалғаны болып отыр. Мазардың шырақшысы бар, оның айлық жалақысы кесенеге тағзым етіп келген азаматтардан түскен садақа есебінен қарастырылған.Жылдың жаз мезгілінде, яғни сәуір-қазан айлары арасында келушілер саны 150-200 адамға дейін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.