A place where you need to follow for what happening in world cup

Қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

337

Ұлттық тарихымыздың ақтандақ аталған нәубетті жылдары аз болған жоқ. Әсіресе, өткен ғасырдың отызыншы-елуінші жылдары халқымыздың қабырғасын қайыстырған еңсесін езгілеген оқиғаларды қалайша ұмытуға болады. Өкінішке орай кешегі империяның озбырлық кесапаты–сол қайғылы оқиғалардың құпиясы өте жасырын сақталды. Тарихымызды біле отыра, біз тоталитарлық биліктің өктемдігі тұсында қасірет жеккен халқымыздың басына түскен орасан зұлматтың бар ауыртпалығын жан-жүрегімізбен сезінеміз.

Барлық қазақ елі секілді бұл зұлмат біздің аудан тұрғындарын да шарпыды. 32-жылдың ашаршылығына ұшыраған жерлестеріміз жан сауғалады. Ауыл-аймағынан көтеріле көшіп, тағдыр жазуымен тірі қалғандары Қырғыз елін паналады, басқа да жерлерге көшуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, өздері әупірімдеп әрең отырған аудан тұрғындары жер ауған күрд, түрік, неміс, орыс, әзірбайжан, шешен халықтарымен дәм бөлісті, қонысынан орын берді. Қазір сол жер ауып келген халықтың үрім-бұтақтары аудан тұрғындарының бір бөлігін құрайды. Ресми мәлімет бойынша аудан аумағында 698 репрессияға ұшыраған адамдар тұрады.Солардың бірі Ибрагим Алиевтардың отбасы. Бұл атаулы отбасы 1937 жылы желтоқсан айында Азербайжан мемлекеті Накчеван қаласынан жер аударылған екен. Көп қиыншылықтарды басынан кешірген отбасы Жамбыл облысы Шу ауданына жеткізілген екен. Жер аударылған Ибрагим қазақ балаларымен біте араласып, жоғарғы білім алады. Ер жетіп М.Әуезов атындағы қазақ мектебіне ұстаз болып орналысқан Ибрагим жоғарғы білімді өз ұлтының қызы Гурчакқа қосылып 3 – ұл, 1- қыз өсіреді. Қазіргі таңда 19 немереден 20 дан аса шқбере сүйген Алиева Гурчак отбасында ұрпағының білімдерінің жоғарғы екеніне, олардың 8 – і ұстаздық қызметте екенін мақтан тұтады.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту біздің басты міндетіміз. Осындай бағытта Шу ауданының орталық саябағында орналасқан Қуғын-сүргін құрбандарына арналған монументіне гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.