A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтар ауылдарды көгеріштендіруде

140

Қордай ауданында ағымдағы жылдың жылдың 1 наурызынан 30 сәуірге дейін көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығы жарияланып, барлық 19 ауылдық округтерде әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылды. Нәтижесінде 2546,7 тонна күл-қоқыстар шығарылып, 2093 қураған ағаштар бұталып, 400 шақырым көшелер мен 250 шақырым арықтар тазаланып, 2530 ағаш әктелінді. Сенбілік жұмыстарына аудандағы мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен қатар, жергілікті тұрғындарда белсенді қатысты. Жалпы 38 мың адам ауданды абаттандыру жұмыстарымен айналысты.
Сонымен қатар, ауыл аймақтарды көгалдандыру мақсатында аудандағы барлық ауылдардағы көше бойлары мен саябақтарға 18 000 түрлі тал егілді. Атап айтсақ, Қордай ауданында Төле би көшесінің бойына 200 қылқан жапырақты ағашты отырғызылса, «Достық» саябағы, спорт кешені және орталық алаңда да көшеттер егілді. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Аудан тұрғындарын қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту үшін 4 ай мерзімге ақылы қоғамдық жұмыс орындары ашылып, бүгінгі күнге ауданның барлық округтерінде жұмысқа тартылған азаматтар өңіріміздің санитарлық тазалығы мен көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарын атқаруда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.