A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда карантинге қатысты рейд жұмыстары күшейтілді

161

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық бас санитарлық дәрігер М.Асаров, Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатов және полиция қызметкерлері бірлесіп Қордай ауылында рейд жүргізді. Тексеру жұмыстарының басты мақсаты – сауда орындарындағы карантин режимі тәртібінің, санитарлық талаптардың сақталуы, заңсыз саудаға жол бермеу.
Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, облысымызда карантин шаралары өз күшін жойған жоқ. Дегенмен өңірде карантин шектеулері біртіндеп жеңілдейді. Осыған орай, бірқатар сауда нысандарына өз жұмысын бастауға рұқсат берілген болатын. Рейд барысында аталмыш нысандарда карантин және санитарлық талаптардың сақталуы тексерілсе, ауыл тұрғындарына бетперде киіп жүру керектігі ескертілді. Бірнеше сауда орнында олқылықтар анықталғанын айта кеткен жөн. Ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов қатаң ескертулер айтып, тез арада жөнге келтіру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, санитарлық талаптарға құлақ аспайтын сауда орындары жабылуы мүмкіндігі түсіндірілді. Бұл карантиндік режим талабы екені саудагерлерге нақты айтылды. Рейд барысында көшедегі заңсыз сауда орындары жайы да қаралып, ондағыларға ескертулер айтылып, заңға бағынбаған жағдайда полиция тарапынан айыппұл салынатыны ескертілді.
Айыппұл төленеді дегеннен кейін заңсыз сауда орындарын босата бастады. Ауданның бас санитарлық дәрігері тұрғындарға санитарлық талаптарға немқұрайлықпен қарамауға шақырып, сақтық шараларына басты назар аударуға шақырды.
Бәрін білеміз, жағдай қиын. Деседе аз уақыт сақтық шараларын сақтап тұрайық. Өзімді және өзгелерді ойлайық. Біздің ауданда індетке шалдығу дерегі көп болған соң карантиндік режимі әлі күшін жоймады- деген аудан әкімінің орынбасары халықты сабырға шақырып, сақтық шараларын сақтауды ескертті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.