A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда жаңа оқу жылында 1 сыныпқа баратын барлық оқушылар қазақ тілінде білім алады

189

Қордайда жаңа оқу жылында 1 сыныпқа баратын барлық оқушылар қазақ тілінде білім алады.
Ақпан айында Қордай ауданында орын алған келеңсіз оқиға елімізді дүрліктіргені баршаға аян. Осындай оқиғаның алдағы уақытта орын алмауын
көздеген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың «Бейбітшілік және келісім» жобасының аясында Қордайда Қоғамдық келісім кеңесі құрылған болатын.
Бүгін Ауқатты ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында осы кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынға қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің ішкі саясат, білім бөлімдерінің басшылары мен денсаулық сақтау саласының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде ауданда білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді сыныптарын ашу және оның шешу жолдары, сондай-ақ ерте жүктілік, туыстық некелесудің алдын алу мәселелері қаралды.
Алғаш сөз алған аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Е.Нуралиев есепті баяндамасын 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға, оның ішінде төтенше жағдай кезеңіндегі балаларға білім беру процестері туралы қысқаша баяндамасынан бастады. «Төтенше жағдай режимі оқушыларымыздың жан-жақты білім алуына, тәрбиелік, танымдық маңызы зор түрлі іс-шараларға қатысуына еш кедергі болмады. Дарынды және қабілетті шәкірттеріміз бен шығармашыл ұстаздарымыз аудандық, облыстық, республикалық жарыстар, челлендждерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп келді» — деп өткен оқу жылының жұмысын қорытындылады.
Елдос Бекболатұлы күн тәртібіндегі мәселеге жекелей тоқталып, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған ауылдық округтерде орналасқан мектептер мен балабақшаларда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында қазақ сыныптарын ашу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 2020-2021 оқу жылында қазақ сыныптарын ашу үшін және оқушыларды қазақ сыныптарына ауыстыру мақсатында білім бөлімінің қызметкерлері мен аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңестерімен бірлесіп ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жаңа оқу жылында 1 сыныпқа келетін оқушылардың ата-аналары балаларын қазақ сыныптарында оқытуға ниет білдіріп, жаңа оқу жылында 1 сыныпқа баратын барлық оқушы қазақ тілінде білім алатын болады. Баяндамадан кейін кеңес мүшелері өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілді үйретуді балабақшадан бастау керек; сондай-ақ, мектеп мұғалімдерінің қазақ тілін білу мәселесі де көңіл бөлуді қажет етеді; бұл қазақ сыныптарын тек «колхоз» аймақтарында емес ауданның барлық ауылдарында іске асыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Кеңестің төрағасы Ә.Сейілханов «Бұл мәселесінің орындалуын және жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын тамыз айында тағы бір мәрте қараймыз» — деп атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе ерте жүктілік, туыстық некелесудің алдын алу мақсатында ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық орталық аурухананың әйелдер консультациясы бөлімінің меңгерушісі Ш.Усербаева баяндады. Шынар Қадыржанқызы соңғы бес жылдағы жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша сараптама жасап, өсім әлдеқайда төмендегенін, бұл қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесі екендігін алға тартты. Дегенмен өткен жылдың есепті мерзімімен салтырғанда биыл жүкітілік деңгейі біршама артқан. Бұл турасында кеңес мүшелері жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алудың бірден-бір жолы түсіндіру жұмыстарының қатарын көбейту қажет. Түсіндіру жұмыстарын тек қыздар арасында өткізбей, ата-аналар мен ұлдарды да қатыстыруды қолға алу керек деп өз ұсыныстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.