Бүгін Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің тапсырмасымен құрамында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен полиция қызметкрелері бар мобильді топ аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларды, сауда орталықтарын аралап, баға тұрақтылығы бойынша рейд жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтындығы жөнінде мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінгідей індет белең алған кезеңде халық дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуының салдарынан ең қажетті дәрілік препараттардың тапшылығы сезілуде. Мобильді топ базарлар мен сауда орталықтарын, дәріханаларды аралап, дәрілердің бағасын бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Рейд жұмыстары барысында топ мүшелері тұрғындарға санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Өз кезегінде кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы 10-15 процентке қымбаттағанын және дене қызуын төмендетуге арналған препараттардың жоқтығын жеткізген тұрғындарға аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов дәріхана иелерімен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, «парацетамол, аспирин» сынды сұранысқа ие дәрілердің алдағы күндері аудан дәріханаларында болатындығында жеткізді.Осы бағыттағы бақылау жұмыстары күніне үш мәрте жүргізілуде. Әсіресе демалыс күндері рейд жұмыстары күшейтілеген режимде іске асуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық