Интернет — қазіргі кезде халықтың негізгі байланыс құралына айналғаны сөзсіз. Тисінше, елімізде цифрландыру үрдісі қарқын алып, барлық аймақтарға интернет желісі тартылуда.
Қордай ауданында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында «Талшықты-оптикалық байланыс желілік технологиясы бойынша Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасына сай телекоммуникация қызметтері сапасын жақсарту мақсатында 14 елдімекенге (СНП) оптикалық талшықты желі енгізу бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында басталған. Бүгінде 5 ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, мамыр айында толық аяқталып, ауыл тұрғындары кең жолақты ғаламтор желісін қолдануға мүмкіндік алады. Осы желі арқылы ауылдардағы әлеуметтік маңызы бар мекемелер, яғни мектеп, аурухана, аудандық әкімдіктер интернетпен қамтылатын болады. Бұл әрине, бірінші кезекте ауыл тұрғындарына үйде отырып қызмет алуға, төлемдерді онлайн төлеуге мол мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, халық саны 250-ден жоғары ауылдар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ, «ҚаР-Тел» ЖШС, «МТ-С» ЖШС және «Кселл» жобасы бойынша Еңбек, Қарасай, Шарбақты, Көктөбе ауылдары ағымдағы жылы интернет желісіне қосылатын болады.
Жалпы оптикалық талшықты желі жүргізу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық