A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрылыс алаңында болды

180

Жұмыс жоспарыма сәйкес аудандағы бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс қарқынын көріп шықтым. Алдымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын Төле би ауылындағы 147,73 га тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының жай-күйін біліп, аяқталу мезгілінен кешіктірмеуін тапсырдым. Аталған алқабтағы бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 31-ші қазанында аяқталатын болады.
Мұнан кейін Шу қаласындағы «Қайрат» стадионының күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап қайттым. Арнайы талаптарға сай жөнделіп басталған спорт алқабының жұмыстары аяқталуға жақын қалған. Жастардың спортпен айналысуына барлық мүмкіндік жасалу қажеттігін ескертіп, жұмыстың сапасына баса мән беру керектігін жеткіздім. Сондай-ақ, Алға, Бірлікүстем ауылдарынан бой көтерген 300 орындық мектептердің құрылыс барысын көріп шықтым. Оқу жылы басталғанға дейін нысанды толық аяқтап үлгеру үшін 2 ауысымдық жұмыс тәртібін енгізуді тапсырдым. Бұл әрі жұмыссыз азаматтарға үлкен көмек болмақ. Қазіргі кезде екі қолға бір күрек іздегендерді жұмысқа қабылдау жүріп жатқандығын хабарлаймын.
Әрмен қарай жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында Шу қаласындағы жөнделетін көшелерді аралап шықтым. Айталық биылғы жылы аталған бағдарлама аясында қаладағы 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Және бұл жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Қала тұрғындарының тарапынан жекеме көп түсетін сұрақтардың бірі жол мәселесі болатын. Елдің тілегі ескеріліп, өңірімізде осынау игі жобалар бастау алды.

Жарылқасын Айтақов,

Шу ауданының әкімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.