Қолөнер көрмесінен басталған шараға қатысушылар қиялдарынан шыққан туындыларын ортаға салып, өздерінің шеберлігін, он саусағынан өнері тамған қабілеттігін таныта білді. Әр бала — жеке тұлға. Әр бала — бір әлем. Жүрек төрінен орын алатын туындыларды жиналған қауым назарына ұсына алған қатысушылар жұртшылық тарапынан ыстық ықыласқа бөленді.