A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазір теңгені өткізіп, доллар сатып алу қаншалықты дұрыс?

436

Сарапшылардың айтуынша, теңге бағамына қатысты қазір нақты болжам жасау мүмкін емес. Батыстың Ресей Федерациясына қандай санкциялар салатыны және соғыс қимылдары қалай дамитыны әзірге белгісіз.

Сондықтан қазақстандықтарға қорқпауға және ақша айырбастау пункттеріне барып, барлық қаражатын ауыстырмауға кеңес беріледі.

«Теңге кез келген бағытта өзгеруі мүмкін. Доллар 500 теңгеге жетуі де, 400 теңге түсуі де ықтимал. Өйткені мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Қазір мұның барлығы әлемдік қауымдастыққа, санкция салушы елдерге және қай елдерге санкция салынатынына байланысты», — дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

Мамандар артық ақша түседі деген оймен, теңгені айырбастауға, доллар алу үшін несие алмауға шақырады. Теңге құлдырап жатқаны рас, бірақ жағдай басқаша өрбуі мүмкін.

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, айырбас бағамының бір долларға 475 теңгеге дейін өсуі алыпсатарлық салдарынан орын алып отыр.

«Менің ойымша, таңертең биржада 2-3 ойыншы келісім-шартқа отырып, шағын көлемдегі бағамды көтерді. Көбінесе экспорттаушылар валюта бағамын әлсіретуді жақтайды. Ұлттық банкке және KASE-ге (биржаға) тенгенің соншалықты тез әлсірегені кімнің мүддесі үшін керек болғаны туралы тергеу жүргізуді ұсынамын. Барлық ақпарат жүйеде. Енді жағдай азды-көпті тынышталғанда, бұл ойыншылар валютаны біріктіреді», — деді.

Еске салсақ, Қазақстандық сарапшылар төл валютамыздың болашағын болжаған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.