A place where you need to follow for what happening in world cup

Өнерліге өріс кең

15 647

Бүгін Дулати университетінде «Мәдениет және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен көрген Мұқағали» атты ашық кураторлық сағат өтті. Қонақта «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы болды.

Кездесуде М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы студенттер мен кафедра оқытушыларының ой-пікірімен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, ақынның кей кітаптарында жарияланбаған өлеңдері оқылып, күнделігінен сыр шертілді. Көсемәлі Сәттібайұлы ақынның шығармашылығымен таныстырып кітаптарының жазылу тарихы жайлы кеңінен тоқталды, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, жас өнерпаздар жазушының шығармашылық жолымен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өнер жолындағы жетістіктерімен, болашақтағы жоспарларынан xабардар болды.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

М.Х.Дулати атындағы Журналистика мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.