Шу ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, аудан әкімдігінің ресми сайтына, Шу ауданы әкімдігі фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілеріне орналастырылған роликтер мен инфографика саны – 719. Атап айтқанда фейсбук парақшасында – 319, инстаграм парақшасында – 385, аудан әкімдігінің ресми сайтына — 15.
Аудан әкімдігінің бөлімдері және Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдіктерінің әлеуметтік желілерде – 318 материал жарияланған.
Сондай-ақ, Шу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы – 362, «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалы – 18.
Интернет ресурстарында, яғни ақпараттық агенттіктерде 102 материал жарық көрді.
Сонымен қатар, ауданның 35 елді-мекеніне «Коронавирустың симптомдары-аурудың алдын алу» тақырыптарында брошюралар таратылды.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен коронавирус инфекциясының алдын алу және сақтану жолдары көрсетілген жадынама (қазақ және орыс тілінде) әзірленді.
Жамбыл облысы аумағында белгіленген карантин режимінің талаптарын түсіндіру бойынша инфографика (қазақ және орыс тілінде) әзірленді.
Шу ауданының зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар алқасы, этно мәдени орталықтар өкілдерінің індетке қарсы күресуге, бірлікке, сабырлыққа шақырған «Үйде болыңыз» атты видеороликтері түсірілді.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен коронавирус инфекциясын алдын алу бойынша 14 бейнеролик түсірілді. «Жамбыл ТВ» және «77 ТВ» телеарналарынан осы бағытта 12 материал эфирге шықты.
Аудандық «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетінде 48 матерал жарияланды.
Шу қаласы мен Төле би ауылында ЛЭД экранда, әкімшілік ғимаратында теледидар арқылы видеороликтер үздіксіз көрсетілуде. Орталық базар, темір жол вокзалында радиорубка арқылы хабарландыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Шу қаласындағы «Халық-1», «Халық-2» сауда орталықтарында аудио хабарлама құралы арқылы келушілерге коронавирустың алдын алу бойынша құлақтандыру жүргізілуде.
Ауылдық округтердің мәдениет үйлерінде және мешіттерінде аудио құрылғыларымен хабарландырулар күніне 2 рет айтылады.
Аудан әкімінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №200 ө н/қ өкімімен Шу ауданы тұрғындарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жолдаған Үндеуінен туындайтын тапсырмаларды түсіндіруге байланысты 7 топтан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, аудан аумағындағы 210 объектіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда: Мекемелер- 11, ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері – 9, мейрамханалар – 20, кафелер – 6, дүкендер – 91, халыққа қызмет көрсету орталықтары – 3, банктер–9, темір жол мекемелері – 10, білім беру мекемелері – 19, діни бірлестіктер -32.
Таратылған материалдар саны «Коронавирус инфекциясын алдын алу шаралары»-«О мерах профилактики коронавирусной инфекции» атты тақырыпта жадынама саны – 6050,
«Коронавирустан қорғанудың қандай әдістері бар»-«Какие существует методы защиты от нового коронавируса» атты тақырыпта брошюралар саны – 10800.
Шу қаласы және Төле би ауылында «Коронавирус: как не заболеть», «Коронавирус профилактикасы» және «Үйде болыңыз» — тақырыбында 6,0х3,0 метр көлемде — 3 билборд орнатылды.
Шу ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу комиссиясының түсіндірме және рейдтік жұмыстар жүргізу жөніндегі арнайы 4 топтан құрылған кестесі бекітілген.
Кестеге сәйкес күндізгі және түнгі уақытта Шу қаласы мен Төле би ауылдық округтерінде орналасқан кәсіпкерлік нысындарына түсіндірме және рейдтік жұмыстары жүргізілген.
Түсіндірме жұмыстары кезінде аудан әкімдігінің, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, құқық қорғау органдарының өкілдері объектілерде сатушылардың маскамен, арнайы қолғап, антисептикалық құралдардың, қол жуғыш, сұйық сабын, бір жолғы салфеткалар, тазалық жұмыстарының санитарлық нормаға сәйкестігін (күніне 2 сағат сайын), көп шоғырлану кезінде ара қашықтық 1 метрден кем болмауын, ұн өнімдерінен жасалған тағамдардың ашық түрде сатылмауын тексерді. Сонымен қатар тексерілген 163 объектіге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 476 бабының (төтенше жағдай режимін бұзу) және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтың талаптарын сақтау ескертілді.
Жамбыл облысына енгізілген шектеулерге байланысты, қызметі тоқтатуға жататын объектілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Шу ауданында «Сауда сервис» ЖШС-і аумағында орналасқан киім-кешек кешендеріне, мейрамханалар, кафелер, құрылыс сауда орталықтары, киім-кешек сауда орталықтары, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар, монша кешендері, көлік жуу орындары, сұлулық салондары мен шаштараздар бүгінгі күнге жұмыстарын тоқтатты.
Жамбыл облысы аумағында белгіленген карантин режимінің талаптарын түсіндіру бойынша 6 топтан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, Шу қаласының орталық базар, С.Сейфуллин, Сәтпаев, Қонаев көшелері, Төле би ауылдық округі Төле би, Балуан Шолақ, Қонаев көшелеріне ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық