A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі басты назарда

80

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика көлемінде «Қауіпсіз қала» акциясын өткізуде.  Атаулы акция Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасалуда

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі басты назарда

Акция бастау алған күннен бастап аймақтарда 4500-ден аса кәріз құдықтарына тексеру жұмыстары жасалды. Оның ішінде 500-ге жуық құқық бұзушылық фактілері анықталды. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген жерде шомылу бойынша 50 жағдай тіркелді деп атап өтті «Жастар рухы» жастары.

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі басты назарда

Мониторинг жүргізу арқылы ақпарат жинап, тиісті орындарға тапсыру, сондай-ақ, жаз мезгіліндегі балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың орын алуын төмендетуді мақсат қылған жастар жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі басты назарда

Ұйымдастырушылар ашық кәріз құдықтарына, жабдықталмаған шомылу орындарына, тұрғын үй шатырларының қауіпсіздіктеріне тексеру жүргізуде.

«Дені сау ұрпақ тәрбиелеп, жарқын болашақтың кепілін қалыптастырамыз», – дейді «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

«Қауіпсіз қала – бұл ең біріншіден балалардың қауіп – қатерсіз өсіп, жетілуін көздейді. Жас жеткіншектердің түрлі төтенше жағдайға тап болып, өмірлеріне қауіп тудырып жатқан жайттар қоғамда белең алуда. Арнайы орындарда, ашық қалған кәріз құдықтары мен өзен-су жағалауларында осындай апаттардың алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалуы биыл бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Бұл мәселеге «Жастар рухы» аса жауапкершілікпен қарап, назарда ұстауда. «Балалар жылы» аясында осындай бастамалардың өскелең ұрпаққа оң әсерін тигізеріне сеніміміз мол. Сақтықта – қорлық жоқ деп бекер айтылмағанын естен шығармаған да жөн», – дейді Нұржан Жетпісбаев.

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі басты назарда

«Қауіпсіз қала» акциясын өткізудегі басты себептердің бірі жыл басынан бері орын алып жатқан балалардың терезеден құлап кету жағдайларын алдын-алу. Сол себептен, Жастар қанатының өкілдері сәбилер мен балаларды қараусыз қалдырмауға, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізуге шақырады.

Айта кетейік, «Қауіпсіз қала» акциясы биыл 19 тамызға дейін жалғасады.

turkystan.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.