A place where you need to follow for what happening in world cup

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

93

1 ақпанда Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінде жүк пойызына бидай тиелгенін мәлімдеді.

«Пойыз құрамына бидай тиелген. Рельстен шығу себебі – вагонның бүйір рамасының омырылуы. Оқиға орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қазір аймақта бір жақты пойыз қозғалысы қалпына келтірілген. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.